Қорды Закира Бегалиева негізін қалаған. Ол әр адам — физикалық немесе әлеуметтік шектеулеріне қарамастан — сапалы білімге, қолдауға және өз әлеуетін ашуға мүмкіндікке лайық деп сенді

«Біз үшін тең мүмкіндіктер — арман емес, бірлесе жүзеге асыратын шынайы мақсат.»

ITeachMe — 2020 жылы құрылған құзыреттіліктерді дамыту орталығы. Мақсаты — мүгедектігі бар жастар мен әлеуметтік осал топ өкілдерін заманауи цифрлық және IT мамандықтарға оқытып, олардың жұмысқа орналасуына қолдау көрсету


БІЗ ТУРАЛЫ

МАҚСАТ

БІЗДІҢ БАҒЫТТАР

БІЗДІҢ НӘТИЖЕЛЕР

БІРЕГЕЙЛІК

МИССИЯ

Біз әр адамның әлеуетін ашуға мүмкіндік беріп, оларды біріктіре отырып, заманауи мамандықтарға үйретеміз және өз-өзіне сенімді, үздік болуға шабыттандырамыз

2030 жылға дейін Қазақстандағы еңбекке қабілетті жастағы мүгедектігі бар адамдардың 90%-ын оқыту және жұмыспен қамту бағдарламаларымен қамту.
Біз бұл мақсатқа шын жүректен сенеміз!



БІЛІМ БЕРУ ЖОБАЛАРЫ

Біз заманауи цифрлық және IT салаларында: UX/UI-дизайн, No Code, AI, SMM, мобилография және басқа да мамандықтарға оқытамыз.
Курстар онлайн форматта, қазақ, орыс тілдерінде және ымдау тілінде қолжетімді.


Инновациялық жобалар

Біз мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған нақты технологиялық шешімдер әзірленетін стартап бағдарламалар мен инкубаторларды жүзеге асырамыз



Хакатондар мен акселераторлар

Біз командалар жаңа инклюзивті идеяларды прототипке айналдырып, менторлардан кеңес алып, шағын гранттар ұтып алатын технологиялық іс-шаралар өткіземіз.



Тренингтер мен мастер-класстар

Біз мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас этикасы, көшбасшылық және мотивация, тайм-менеджмент, қаржылық сауаттылық, сұхбаттасуға дайындық және өзін таныстыру дағдылары бойынша тұрақты тренингтер өткіземіз.
Бұл тренингтер қатысушыларға жұмыс орнында сенімді болуға және қазіргі еңбек нарығының талаптарына бейімделуге көмектеседі.


Soft Skills лагері

Біз бірнеше күндік офлайн-лагерьлер ұйымдастырамыз, онда мүгедектігі бар қатысушылар негізгі жұмсақ дағдыларды дамытады: күйзелісті еңсеру, тиімді коммуникация, дау-дамайды шешу, көпшілік алдында сөйлеу, мақсат қою және көшбасшылық.
Лагерь бағдарламасы интерактивті тренингтерден, топтық тапсырмалардан және практикалық кейстерден тұрады, олар сенімділікті, саналы көзқарасты және жеке тиімділікті арттыруға бағытталған


Фестивальдер мен ашық іс-шаралар

Біз инклюзия, экология және азаматтық белсенділік идеясын ілгерілетуге арналған түрлі іс-шаралар ұйымдастырамыз.
Бұл — ҮЕҰ, мемлекеттік органдар, бизнес және қоғам өкілдері арасындағы тәжірибе алмасу, шабыттану және ашық диалог алаңы


45 кәсіби курс 

2900+ түлек

90% түлектер жұмысқа орналасқан

30+ серіктес 

15+ ментор мен сарапшы

450+ БАҚ-та аталу саны 

47 іске асырылған жоба

Қажетті цифрлық және IT салалары бойынша қазақ тіліндегі онлайн-курстарды әзірлеген санаулы ұйымдардың бірі

Барлық жобаларымызда инновациялық тәсілдер, геймификация және креатив қолданамыз

Қазақстанда цифрлық және IT мамандықтарына ымдау тілінде оқытатын
алғашқы қор

Зерттеулер

Біз инклюзия, еңбек құқықтары және мүгедектігі бар адамдардың құқықтары саласында зерттеулер жүргіземіз. Зерттеулеріміз бұл топтар кездесетін нақты қажеттіліктер мен кедергілерді анықтап, баршаға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған ұсыныстар әзірлеуге негіз болады